«Мектепке жол» республикалық акциясы

Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылдың 1 тамызында жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады.

    Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы нашар отбасы балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауын болдырмау.

      Биылғы жылы қайырымдылық акциясына ерекше көңіл бөлініп, биылғы жылы акция «Жақсылық жаса» ұранымен өтуде.

       Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда жан-жақты атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке барар жолы қуанышқа толы болуы үшін әрбір балаға көңіл бөле алады.

     Науқанның басталуы 2023 жылдың 1 тамызынан бастап жоспарлануда, аяқталуы – 2023 жылдың 30 қыркүйегінде.

     Баланы мектепке дайындау, қажет нәрсенің бәрін сатып алу – өте қымбат іс. Әсіресе, бірден бірнеше бала тәрбиеленетін отбасылар үшін, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар үшін қиын. Әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда жан-жақты атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытып, көмек көрсете аламыз.

      Балаларды мектепке дайындауға көмектесемін деушілер Мамлют ауданының білім бөліміне тікелей немесе 87154121643 телефонына, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымына хабарласа алады.

Қосымша ақпарат көздері