Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер және басқа да интернет-сервистерді пайдаланушы балаларға арналған ұсыныстар

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, жалпы «Интернет» желісінде көп тараған құқықбұзушылардың құрбаны болмауы үшін балалар мына қарапайым ережелерді есте сақтауы керек:
— ешбір жағдайда өз дербес деректеріңізді, сондай-ақ ата- аналарыңның,туыстарыңның, достарыңның деректерін (яғни, тегі, аты, әкесінің атын, туған күнін, тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын, телефонын, фотосуреттерін және т. б.) желінің басқа пайдаланушыларына, бұл пайдаланушылар сіздің достарыңыздың тізімінде болса да хабарлауға болмайды;
— Интернет-сайттар мен әлеуметтік желілер пайдаланушылары ойдан шығарылған, оның ішінде басқа адамдардың суреттерін немесе балалардың деректерін пайдалана алатынын есте сақтау керек;
— интернет қолданушылары тарапынан түскен қауіп-қатерден қорқудың қажеті жоқ, шындығында олар жеке сізге де, сіздің жақындарыңызға да ештеңе істей алмайды. Бақылауға алу үшін әдетте олар балаларды қорқытады. Бірінші қауіп төнген кезде бұл туралы ата-анаңызға,ағаңызға, әпкеңізге, мұғалімгежәне т. б., дереу айтуыңыз керек, одан ұялуға болмайды.
— ешбір жағдайда әлеуметтік желі, мессенджерлер және басқа Интернет-ресурстардың басқа пайдаланушыларының бұйрықтарын немесе нұсқауларын орындамаңыз. Ең қарапайым нәрсе – олардың парақшаларын бұғаттау. Әлеуметтік желілерде, мессенджерлер және басқа да онлайн сервистерде белгісіз адамдардан түсетін достықты қабылдамаңыз.
— өзіңізге қашықтан қолжеткізуге арналған бағдарламаларды орнатпаңыз. Оларды орнатпас бұрын, бұл қосымша не үшін арналған және т. туралы Интернеттен оқыңыз.

Қосымша ақпарат көздері