Ауыл мектептері оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасы

    2023 жылдың 20 қарашасында ауыл мектептері оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы басталды.

Олимпиаданың мақсаты – ауыл мектептеріндегі оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау.

    2023 жылғы 20 қарашада сағат 9.30-да аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А.Б.Тайменова мен білім бөлімінің басшысы М.И. Ташмағанбетов олимпиаданы ашты. Олимпиаданың ашылуына 17 ауыл мектебінің оқушылары онлайн түрде қосылды.

    Іріктеу кезеңіне 140 оқушы тіркелді (9 сынып – 69 оқушы, 10 сынып – 40 оқушы, 11 сынып – 31). Білім бөлімі қатысушыларға сәттілік пен табыс тілейді.

#auyl.daryn

Қосымша ақпарат көздері