Жаңа жылдық шырша

2022 жылдың 27 желтоқсанында «Мамлют №2 орта мектебі» КММ базасында Мамлют ауданы әкімінің атынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға  арналған жаңа жылдық шырша өтті.

Балаларды Мамлют ауданы әкімінің атынан аудан әкімінің орынбасары А.Тайменова құттықтап, денсаулық, оқуда табыс тіледі.

Балаларға Н.Погодин атындағы облыстық драма театры әртістерінің қатысуымен шырша жанында «Жаңа жылдық қызықтар» атты аралық қойылым ұсынылды.

Жаңа жылдық шыршаға 56 адам қатысты. Жаңа жылдық шыршаға қатысқан барлық балаларға сөмкелер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлықтар берілді.

Қосымша ақпарат көздері