“Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа”

18 қаңтар 2023 жылы “Ленин орта мектебі” КММ-де “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа” тақырыбы бойынша аудандық семинар өткізді. Семинар барысында мектеп ұжымы барлық бағытта кітапты оқуға баулу әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Гуманитарлық қоғамдық бірлестігі «Ақындар сазы» атты көрініс көрсетіп, мектеп кітапханашысы Жумина А.Д бастауыш сынып оқушыларымен «Ертегі білгірлері» сайысын және бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі «Қоңыр қозы» әңгімесіне сыныптан тыс оқу өткізді. Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігі ата-аналармен пікір алмасу мақсатында «Отбасымен бірге оқимыз» атты ашық алаң ұйымдастырды.

Қосымша ақпарат көздері