«Мектепке апарар жол» атты Республикалық қайырымдылық акциясы

Құрметті Мамлют ауданының тұрғындары! 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. «Мектепке жол» акциясының басты көрсеткіші – балалардың жаңа оқу жылына дайындығы. Биылғы жылы акция «Мектепке жол – шексiз жақсы» ұранымен өтуде. «Мектепке жол» акциясының мақсаттарының бірі – аз қамтылған және әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына оқу-тәрбие үдерісін табысты дамыту үшін материалдық көмек көрсету. Мектеп әкімшілігі аудан тұрғындарын республикалық қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады. Көмекке киім-кешек, аяқ киім, оқу құралдары және т.б.Баршаңызды қолдауды қажет ететін балаларға мейірімділік танытып, жан-жақты көмек көрсетуді сұраймыз.

Қосымша ақпарат көздері