«Үздік мектеп медиаторы» аудандық байқау

2022 жылдың 10 қазанында 8-11 сынып оқушылары арасында «Үздік мектеп медиаторы» аудандық байқауы өтті. Байқау білім беру ортасында туындайтын даулар мен жанжалдарды шешудің баламалы тәсілі ретінде медиация рәсімін білім беру қоғамдастығында кеңінен насихаттау, сондай-ақ мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында, өзін-өзі анықтауда көмек беру мақсатында өткізілді. 1 орынды «Леденево орта мектебі» КММ оқушысы Тайманов Елнұр мен Боранбаева Асыл «№2 Мамлют орта мектебі» КММ, 2 орынды оқушы Дмитриева Дарья «Мамлют №1 мектеп-гимназиясы» КММ және Серік Арайлым «Михайловка орта мектебі» КММ оқушысы 3 орынға ие болды.

Қосымша ақпарат көздері