Бүгін аудандағы жалпы білім беретін мектептердің 7-9 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша «Ғылымдардың бастауында…» атты командалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын анықтау және оларға қолдау көрсету.
Бұл олимпиада дарынды балалар мен жасөспірімдерді іздестіру, қолдау және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын меңгеру дағдыларын дамытуға және оқушылардың жетістіктерін тиімді бақылауға көмектеседі.



