Бүгін «Зерде» республикалық ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының аудандық кезеңі басталды. Аудандық кезеңге мектептерден 141 жобаға өтінім берілді. Бүгін, 2022 жылдың 10 қазанында екі секция қорғалды: химия және биология, экология және валеология. Қорғау нәтижелері қазылар алқасы отырысының хаттамасында көрсетіледі.



