Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлықтың аясында полиция бөлімі мен прокуратура қызметкерлерінің ата-аналар қауымымен кездесуі өткізілді. Айлықтың басты міндеті-қоғамды біріктіру және есірткіге қарсы іс-шаралардың тұтас кешенін іске асыру. Олардың барлығы салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың наркологиялық сауаттылығын арттыруға және балалардың, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау үшін алдын алу жұмыстарына қатысудың маңыздылығын түсінуге бағытталған.
Полиция бөлімі мен прокуратура қызметкерлерінің ата-аналар қауымымен кездесуі
